Облыстық мәслихаттың кезекті 34 сессиясы өтті

Облыстық мәслихаттың кезекті 34 сессиясы өтті

3 шілде күні облыстық мәслихат төрағасы Мұрат Тлеумбетовтің төрағалық етуімен мәслихаттың кезекті 34 сессиясы өтті.

Сессия жұмысына облыс әкімі Мұрат Ергешбаев, облыс әкімінің орынбасарлары, облыстық мәслихат депутаттары, облыс әкімі аппаратының басшысы, облыстық құқық қорғау органдарының басшылары, облыстық сайлау комиссиясының сондай-ақ, тексеру комиссияcының төрағалары, облыстық басқарма басшылары, ал қала мен аудандар әкімдері және мәслихат төрағалары онлайн байланыс жүйесі арқылы қатысты.

Күн тәртібіндегі «2025 жылға арналған облыстық бюджеттің атқарылуы жөніндегі есепті бекіту туралы» мәселе бойынша облыс әкімі Мұрат Ергешбаев баяндама жасады.

Баяндамада аймақ басшысы өңірдің ағымдағы жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуына қысқаша тоқталып, іргелі істердің орындалуына ықпал етіп жүрген аймақ депутаттарына алдағы уақытта да жаңа және ауқымды жобаларды жүзеге асыру жолында бірлесе жұмыс жасау керектігін жеткізді.

Баяндамадан соң, облыстық мәслихат төрағасы Мұрат Тлеумбетов депутаттық корпус атынан аймақ басшысы Мұрат Нәлқожаұлына облыс әкімі ретінде алғаш рет сессияға қатысып отырғанына байланысты жаңа қызметімен құттықтап, Сыр өңірінің дамуына серпін берген нәтижелі жұмыстардың сабақтастығын сақтай отырып, оларды жаңа деңгейде жалғастыру жолындағы еңбегінің жемісті болуына тілектестік білдірді.

Өз кезегінде облыстық мәслихат депутаттары М.Нәлібаев пен М.Ниязов та сөз алып, аймақ басшысының алдағы атқарар жұмыстары мен бастамаларына сәттілік тіледі.

Айта кетсек, сессия алдында өткен бірлескен отырыста күн тәртібіндегі мәселелер жан-жақты талқыланған болатын. Соған сәйкес, күн тәртібіндегі 10 мәселе бойынша депутаттардың ұсыныс-пікірлері ескеріліп, тиісті шешімдер қабылданды.