
Үстіміздегі жылдың 28 сәуірі күні Қызылорда облысының Қоғамдық кеңесінің кезектен тыс отырысы өткізілді. Күн тәртібінде 3 мәселе қаралды.
Қызылорда облысының Қоғамдық кеңес мүшесінің босаған орнына ашық дауыс беру арқылы Байқадамов Наурызбай Сейтқалиұлы облыстық Қоғамдық кеңес мүшелігіне енді.
Қоғамдық кеңес төрағасы С.Тәуіпбаевтың өз өтінішіне сәйкес, орнына облыстық Қоғамдық кеңесі мүшелерінің ашық дауыс беруі арқылы облыстық Қоғамдық кеңес төрағасы болып Байқадамов Наурызбай Сейтқалиұлы сайланды.