
2026 жылдың 30 наурызы күні сағат 15.00- де Қызылорда қаласы, Сұлтан Бейбарыс көшесі, №3Б «Достық үйі» ғимаратында Қызылорда облысының Қоғамдық кеңесінің салааралық «Ауылшаруашылығы, табиғатты пайдалану және ауылдық аймақтарды дамыту мәселелері жөніндегі» комиссия төрағасы Өмірзақов Серікбай Ыдырысұлы - Қызылорда облысы және қала тұрғындарына «Қоғамдық қабылдау» өткізді. Қабылдау барысында С.Өмірзақов облыс және қала тұрғындарының жеке және қоғамдық мәселелері тыңдалды және жауаптар мен кеңестер берілді. Тұрғындардың жеке және қоғамдық мәселелері бойынша туындаған өтініш, ұсыныстары қабылданды. «Қоғамдық қабылдау» барысындағы келіп түскен өтініштер мен ұсыныстар бойынша тиісті жұмыстар атқарылады, тұрғындарға жауаптар беріледі.