
17 қыркүйек күні облыстық мәслихат төрағасы Мұрат Тлеумбетовтің төрағалық етуімен мәслихаттың кезекті 25 сессиясы өтті.
Сессия жұмысына облыс әкiмi Нұрлыбек Нәлібаев, облыс әкімінің орынбасарлары, облыстық мәслихат депутаттары, облыс әкімі мен мәслихат аппаратының басшылары, облыстық басқарма, департамент және инспекция басшылары, бұқаралық ақпарат құралдарының өкiлдерi, ал аудандар мен қала әкімдері және мәслихат төрағалары онлайн байланыс жүйесі арқылы қатысты.
Күн тәртібіндегі «Қызылорда облысы әкімінің өзіне жүктелген функциялар мен міндеттерді орындауы туралы» мәселе бойынша аймақ басшысы өңірдің ағымдағы жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуына қысқаша тоқталып, іргелі істердің орындалуына ықпал етіп жүрген аймақ депутаттарының алдағы уақытта да жаңа және ауқымды жобаларды жүзеге асыру жолында бірлесе отырып жұмыс жасау керектігін жеткізді.
Сондай-ақ, күн тәртібінде «Қызылорда облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысының есебі туралы»; «Қызылорда облысының полиция департаменті басшысының есебі туралы»; «Қызылорда облысы бойынша тексеру комиссиясының мүшесін тағайындау туралы»; «2025-2027 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» Қызылорда облыстық мәслихатының 2024 жылғы 9 желтоқсандағы № 130 шешіміне өзгерістер енгізу туралы»; «Қызылорда облысының өңірлік нышанын бекіту туралы»; «Өңірлік үйлестіру кеңесінің құрамын бекіту туралы» Қызылорда облыстық мәслихатының 2024 жылғы 22 мамырдағы № 103 шешіміне өзгеріс енгізу туралы»; «Қызылорда облыстық мәслихатының депутаттарын сайлау жөніндегі округтік сайлау комиссияларын сайлау туралы» Қызылорда облыстық мәслихатының 2023 жылғы 17 қаңтардағы № 179 шешіміне толықтыру енгізу туралы»; «Қызылорда облыстық мәслихатының Экология, өндіріс, шаруашылық және кәсіпкерлікті дамыту мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының есебі туралы» 9 мәселе қаралды.
Айта кетсек, сессия алдында өткен тұрақты комиссиялардың бірлескен отырысында күн тәртібіне ұсынылған мәселелер жан-жақты талқыланып, егжей-тегжейлі қаралған болатын. Соған сәйкес, сессияда депутаттардың ұсыныс-пікірлері ескеріле отырып, тиісті шешімдер қабылданды.