Тұрақты комиссия отырысы өтті

Тұрақты комиссия отырысы өтті

Бүгін облыстық мәслихат депутаты, комиссия төрағасы Балжан Шәменованың төрағалығымен облыстық мәслихаттың Экономика, әлеуметтік және құқықтық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысы өтті. Оған облыстық мәслихат депутаттары, тиісті басқарма басшылары мен сала мамандары қатысты.

Күн тәртібінде тұрақты комиссияның жұмыс жоспарына сәйкес, Қызылорда облысы бойынша тексеру комиссиясының I-жарты жылдықтың облыстық бюджеттің атқарылуы бойынша есебі; Қызылорда облысы бойынша 2023-2025 жылдары аралығында йод тапшылығы ауруларының профилактикасы жөнінде жұмыстың жай-күйі туралы;  Қызылорда облысының коммуналдық мүлігін басқару және тиімді пайдалану бойынша есеп беру туралы және сессияның күн тәртібіне ұсынылған Қызылорда облысының өңірлік нышанын бекіту туралы; Қызылорда облысының полиция департаменті басшысының есебі туралы; «2025-2027 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» Қызылорда облыстық мәслихатының 2024 жылғы 9 желтоқсандағы №130 шешіміне өзгерістер енгізу туралы 6 мәселе қаралды.

Аталған мәселелер бойынша басқарма басшылары хабарлама жасап, хабарламадан соң депутаттар бірқатар сұрақтарын қойып, нақты ұсыныс-пікірлерін жеткізді. Бюджет қаржысы тиімді және нәтижелі жұмсалуы керектігі баса айтылды.

Сондай-ақ, басқарма басшылары тарапынан сессия алдындағы тұрақты комиссиялардың бірлескен отырысында толыққанды жауаптар берілетіндігі айтылды.

Отырыс соңында депутаттардың ұсыныс-пікірлері ескеріле отырып, күн тәртібіндегі мәселелерді тұрақты комиссиялардың бірлескен отырысында қарау жөнінде қаулы қабылданды.