Тұрақты комиссия отырысы өтті

Тұрақты комиссия отырысы өтті

15 қыркүйек күні облыстық мәслихат депутаты, Экология, өндіріс, шаруашылық және кәсіпкерлікті дамыту мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия төрағасы Бауыржан Сандыбаевтың төрағалығымен тұрақты комиссия отырысы өтті. Оған облыстық мәслихат депутаттары, тиісті басқарма басшылары мен мамандары қатысты.

Күн тәртібінде тұрақты комиссияның жұмыс жоспарына сәйкес, «Қызылорда облысы бойынша жұмылдыру дайындығы басқармасының есебі», «Қызылорда облыстық мәслихатының 2023 жылғы 24 сәуірдегі №7 шешімінің орындалуы» туралы және сессияның күн тәртібіне ұсынылған «Қызылорда облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысының есебі туралы», «Қызылорда облыстық мәслихатының «Экология, өндіріс, шаруашылық және кәсіпкерлікті дамыту мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия есебі» туралы 4 мәселе қаралды.

Аталған мәселелер бойынша облыстық жұмылдыру дайындығы басқармасының басшысы М.Құрманбаев, ауылшаруашылығы және жер қатынастары басқармасының басшысы Т.Дүйсебаев, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Ж.Сыздықов, Экология, өндіріс, шаруашылық және кәсіпкерлікті дамыту мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия төрағасы Б.Сандыбаев баяндама жасады. Депутаттардың тарапынан ұсыныс-пікірлер айтылып, тиісті жауаптар берілді.

Күн тәртібіндегі 2 мәселе бойынша шешім жобасы тұрақты комиссиялардың бірлескен отырысының қарауына ұсынылды.