
8 шілде күні облыстық мәслихат депутаты, Экология, өндіріс, шаруашылық және кәсіпкерлікті дамыту мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия төрағасы Бауыржан Сандыбаевтың төрағалығымен тұрақты комиссияның отырысы өтті. Аталған отырысқа облыстық мәслихат депутаттары, тиісті басқарма басшылары мен мамандары қатысты.
Тұрақты комиссия отырысының күн тәртібінде:
Аталған мәселелер бойынша облыстық мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы басшысының міндетін атқарушы М.Әліп, облыстық құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы басшысының орынбасары Қ.Өтегенов, облыстық табиғи ресурстар және табиғат паудалануды реттеу басқармасы басшысының орынбасары М.Акбар хабарлама жасап, депутаттардың тарапынан ұсыныс-пікірлер айтылды.
Күн тәртібіндегі 3 мәселе бойынша шешім жобасы тұрақты комиссиялардың бірлескен отырысының қарауына ұсынылды.