Экология, өндіріс, шаруашылық және кәсіпкерлікті дамыту мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның отырысы өтті

Экология, өндіріс, шаруашылық және кәсіпкерлікті дамыту мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның отырысы өтті

8 шілде күні облыстық мәслихат депутаты, Экология, өндіріс, шаруашылық және кәсіпкерлікті дамыту мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия төрағасы Бауыржан Сандыбаевтың төрағалығымен тұрақты комиссияның отырысы өтті. Аталған отырысқа облыстық мәслихат депутаттары, тиісті басқарма басшылары мен мамандары қатысты.

Тұрақты комиссия отырысының күн тәртібінде:

1. «Қызылорда облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасының атқарған жұмыстары мен алдағы тұрған жоспарлары туралы есебі»;

2. «Қызылорда облысы аумағында жұмыс берушілер жалға берілетін тұрғынжайлар салуды жоспарлайтын ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің тізімін бекіту туралы»;

3. «2025-2027 жылдарға арналған Қызылорда облысы бойынша қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» 3 мәселе қаралды.

Аталған мәселелер бойынша облыстық мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы басшысының міндетін атқарушы   М.Әліп, облыстық құрылыс, сәулет және  қала құрылысы басқармасы басшысының орынбасары Қ.Өтегенов, облыстық табиғи ресурстар және табиғат паудалануды реттеу басқармасы басшысының орынбасары М.Акбар хабарлама жасап, депутаттардың тарапынан ұсыныс-пікірлер айтылды.

Күн тәртібіндегі 3 мәселе бойынша шешім жобасы тұрақты комиссиялардың бірлескен отырысының қарауына ұсынылды.