Облыстық мәслихаттың кезектен тыс 23 сессиясы өтті

Облыстық мәслихаттың кезектен тыс 23 сессиясы өтті

13 маусым күні облыстық мәслихат төрағасы Мұрат Тлеумбетовтің төрағалық етуімен мәслихаттың кезектен тыс 23 сессиясы өтті.

Сессия жұмысына облыс әкiмiнің бірінші орынбасары Д.Жаналинов, облыстық мәслихат депутаттары мен мәслихат аппаратының басшысы, облыстық басқарма басшылары, бұқаралық ақпарат құралдарының өкiлдерi қатысты.

Күн тәртібінде:

1. «2025-2027 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» Қызылорда облыстық мәслихатының 2024 жылғы 9 желтоқсандағы № 130 шешіміне өзгерістер енгізу туралы;

2. «Қызылорда облысы Қызылорда қаласының аумағын көгалдандыру және абаттандыру» мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы бойынша мемлекеттік міндеттемелер қабылдау туралы;

3. «Қызылорданың жасыл белдеуі» мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы бойынша мемлекеттік міндеттемелер қабылдау туралы;

4. Қызылорда облысы бойынша тексеру комиссиясының мүшесі лауазымынан босату туралы;

5. «Қызылорда облыстық мәслихатының 2025 жылға арналған жұмыс жоспарын бекіту туралы» Қызылорда облыстық мәслихатының 2024 жылғы 9 желтоқсандағы № 143 шешіміне өзгеріс енгізу туралы 5 мәселе қаралды.

Айта кетсек, сессия алдында өткен тұрақты комиссиялардың бірлескен отырысында күн тәртібіне ұсынылған  мәселелер егжей-тегжейлі қаралған болатын. Соған сәйкес, күн тәртібіне шығарылған 5 мәселенің барлығы өзара талқыланып, депутаттардың ұсыныс-пікірлері ескеріле отырып, тиісті шешімдер қабылданды.