20 мамыр күні облыстық мәслихат төрағасы Мұрат Тлеумбетовтің төрағалық етуімен мәслихаттың кезектен тыс 22 сессиясы өтті.
Сессия жұмысына облыстық мәслихат депутаттарынан бөлек, облыстық және аумақтық басқарма басшылары, адам құқықтары жөніндегі уәкіл, бұқаралық ақпарат құралдарының өкiлдерi қатысты. Күн тәртібінде 7 мәселе қаралды.
Күн тәртібіндегі «2025-2027 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы мәселе бойынша облыстық экономика және қаржы басқармасы басшысының міндетін атқарушы Ф.Аббасова хабарлама жасап, 19 мамыр күні өткен тұрақты комиссиялардың бірлескен отырысында депутаттардың тарапынан қойылған сұрақтардың ішінде қолдау тапқан мәселелеріне қысқаша тоқталып өтті.
Айта кетсек, сессия алдында өткен тұрақты комиссиялардың бірлескен отырысында күн тәртібіне ұсынылған мәселелер егжей-тегжейлі қаралған болатын. Соған сәйкес, сессия күн тәртібіне шығарылған 7 мәселенің барлығы өзара талқыланып, депутаттардың ұсыныс-пікірлері ескеріле отырып, тиісті шешімдер қабылданды.