19 мамыр күні облыстық мәслихат депутаты, Экология, өндіріс, шаруашылық және кәсіпкерлікті дамыту мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия төрағасы Б.Сандыбаевтың төрағалығымен тұрақты комиссияның отырысы өтті. Аталған отырысқа облыстық мәслихат депутаттары, тиісті басқарма басшылары мен мамандары қатысты.
Тұрақты комиссия отырысының күн тәртібінде:
1. «Қызылорда қаласының сыртқы жарықтандыру жүйелерін реконструкциялау, қызмет көрсету және күтіп-ұстау» мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы бойынша мемлекеттік міндеттемелерді қабылдау туралы;
2. «Қызылорда қаласында жер учаскелері жеке меншікке берілген кезде олар үшін төлемақының базалық ставкасын белгілеу туралы» № 19 шешіміне өзгеріс енгізу туралы;
3. «Қызылорда облысының аудандық маңызы бар қалаларда, кенттер мен ауылдық елді мекендерде жер учаскелері жеке меншікке берілген кезде олар үшін төлемақының базалық ставкаларын белгілеу туралы» № 65 шешіміне өзгеріс енгізу туралы;
4. «Қызылорда облысында ортақ су пайдалану қағидаларын белгілеу туралы» № 334 шешіміне өзгеріс енгізу туралы;
5. «Қызылорда облыстық мәслихатының депутаттарын сайлау жөніндегі округтік сайлау комиссияларын сайлау туралы» № 179 шешіміне толықтыру енгізу туралы 5 мәселе қаралды.
Отырыста аталған мәселелер бойынша басқарма басшылары хабарлама жасап, хабарламадан соң, депутаттардың тарапынан ұсыныс-пікірлер айтылды. Күн тәртібіндегі 4 мәселе бойынша шешім жобасы тұрақты комиссиялардың бірлескен отырысының қарауына ұсынылды.