
19 мамыр күні Экономика, әлеуметтік және құқықтық мәселелер жөніндегі тұрақты комиссия төрағасы, облыстық мәслихат депутаты Балжан Шәменованың төрағалығымен комиссия отырысы өтті. Отырысқа облыстық мәслихат депутаттары, тиісті басқарма басшылары қатысты.
Комиссия отырысында күн тәртібіне ұсынылған келесі мәселелер қаралды:
Күн тәртібіне ұсынылған мәселелерді депутаттар егжей-тегжейлі талқылап, бюджетті жоспарлаудағы өзекті мәселелер мен оның орындалу маңыздылығына тоқталды. Одан соң, бірқатар сұрақтарын қойып, басқарма басшылары тарапынан тиісті жауаптар берілді.
Отырыс соңында күн тәртібіндегі мәселелер бойынша депутаттардың ұсыныстары ескеріліп, шешім жобасы тұрақты комиссиялардың бірлескен отырысының қарауына ұсынылды.