
Қызылорда облысының аумағында орналасқан облыстық, қалалық, аудандық мәслихаттар депутаттарының назарына
«Облыс аумағында орналасқан мәслихаттар немесе республикалық маңызы бар қалалар және астана мәслихаттары депутаттарының облыс, республикалық маңызы бар қала және астана әкімін лауазымға тағайындауға келісім беруі қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 8 маусымдағы № 912 Жарлығына сәйкес, Қызылорда облысының әкімі лауазымына тағайындауға келісім беру үшін Қызылорда облысының аумағында орналасқан мәслихаттар депутаттарының жиналысы 2026 жылғы 08 мамырда сағат 09:00-де Қызылорда қаласы, Бейбарыс Сұлтан көшесі, № 1 (Облыстық мекемелер Үйі ғимараты) мекен-жайында өтеді.
Депутаттарды тіркеу сағат 08.00-ден басталады.
Қызылорда облыстық
мәслихатының төрағасы
М. Тлеумбетов