Аудандық мәслихаттың тұрақты комиссиясының отырысы өтті

Аудандық мәслихаттың тұрақты комиссиясының отырысы өтті

Ағымдағы жылғы маусым айының 11-ші жұлдызында аудан әкімдігінің отырыс залында Қызылқоға ауданы мәслихатының экономика салалары, экология, бюджет, салық және қаржы мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысы өтті. Оған мәслихаттың төрағасы Т.Е.Бейсқали қатысты.

Отырыста депутаттармен 2023 жылғы 10 ауылдық округтері бюджеттерінің орындалуы туралы есептері тыңдалды.

Депутаттар Қызылқоға ауданының 2023 жылғы ауылдық округтері бюджеттерінің атқарылуы туралы жылдық есебін қарастырды .

Барлық сұрақтарға округ әкімдері толық жауаптарын берді. Қорытындысында барлық қарастырылған сұрақтар Қызылқоға ауданы мәслихатының сессиясында қарастыруға және шешімдер қабылдауға жолданды.