Ағымдағы жылдың 5 наурыз күні Құрманғазы аудан әкімдігінің кіші мәжіліс залында мәслихат төрағасы Г.Қалиеваның төрағалығымен аудандық мәслихаттың жоспарлы XXVI сессия отырысы өтті.
Оған аудан әкімі А.Жанғалиев, аудан әкімінің орынбасары А.Муратов, аудан әкімі аппаратының басшысы Д.Ердешов, аудандық мәслихат депутаттары, округ әкімдері мен дербес бөлім басшылары, мекеме басшылары және бұқаралық ақпарат құралының өкілі қатысты.
Күн тәртібінде тұрақты комиссия отырысының ұсынысы негізінде бес мәселе қаралды.
Алғашқы болып «Аудандық мәслихаттың 2024 жылғы сессияларында қабылданған шешімдердің және сессиялар мен тұрақты комиссия отырыстарының хаттамалық тапсырмаларының орындалысы туралы» аудандық мәслихаттың аппарат басшысы А.Анесова хабарлама жасады. Хабарлама қаперге алынып, аудан әкіміне, ауылдық округ әкімдеріне, бөлім басшыларына аудандық мәслихат қабылдаған шешімдерді бақылауда ұстап, орындалысын қамтамасыз ету ұсынылды.
Екіші мәселе бойынша аудан әкімі Абат Сайфоллаұлы депутат М.Куаншалиевтің «Асан-Үштаған ауыл халқының ауыз сумен қамтамасыз ету туралы» депутаттық сауалының орындалу барысы туралы хабарлама жасап, аталған елді мекендер 2025 жылдың II жартыжылдығында ауыз сумен қамтамасыз етілетіндігі туралы жеткізді.
Үшінді мәселе Азғыр өңірінде мал басы санының өсуіне байланысты ветеринарлық дәрігерлердің жетіспейтіндігі туралы депутаттық сауалын сессияның күн тәртібіне ұсынған депутат М.Куаншалиев аудандық ветеринарлық станса басшысы Ж.Ажгалиевтен Азғыр өңірі бойынша ауылдық округтердегі ветеринарлық дәрігерлерінің штат санын өсіруді сұрады. Мәселенің өзектілігін түсінген ветеринарлық станса басшысы штат санын ұлғайту туралы мәселе шешілгенге дейін, Азғыр өңіріне 1 (бір) ветеринарлық дәрігер жіберетіндігі туралы жеткізді.
Аудандық мәслихаттың «Құрманғазы ауданының әкімшілік-аумақтық бірлікті басқару схемасын бекіту туралы» және «Аудан әкімдігінің дербес құрамы туралы» шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы аудан әкімі аппаратының басшысы Д.Ердешов хабарлама жасады.
Депутаттар тарапынан күн тәртібіндегі мәселелер бойынша сұрақтар қойылып, тиісті жауаптар алынды. Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша тиісті шешімдер қабалданды.
Гульжаннат Гадилханкызы сессияны қорытындылап, қатысқандарға алғыс білдірілді.