Тұрақты комиссиялардың бірлескен отырысын шақыру туралы қаулысы негізінде 5 наурыз аудан әкімдігінің кіші мәжіліс залында бірлескен тұрақты комиссия отырысы өтті.
Аталған комиссия отырысына аудан әкімі А.Жанғалиев, мәслихат төрағасы Г.Калиева, аудан әкімінің орынбасары А.Муратов, аудан әкімі аппаратының басшысы Д.Ердешов, аудандық мәслихат депутаттары, округ әкімдері, дербес бөлімдер мен мекеме басшылары және бұқаралық ақпарат құралының өкілі қатысты.
Отырысқа әлеуметтік сала, жастар саясаты, заңдылық пен құқық және депутаттық этика мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия төрағасы Ерлан Уалитханұлы төрағалық етті.
Күн тәртібіне 8 мәселе ұсынылып, хабарламашылардың және мәселеге қатысты жауапты бөлім басшысының іссапарда болуына байланысты, аудан әкімінің ұсынысы негізінде күн тәртібіндегі 3 мәселені келесі сессия отырысына қалдырылу ұсынылды. Ұсыныс депутаттар тарапынан қолдау тауып, күн тәртібіне 5 мәселе бекітілді.
Алдымен аудандық мәслихат аппаратының басшысы А.Анесова «Аудандық мәслихаттың 2024 жылғы сессияларында қабылданған шешімдердің және сессиялар мен тұрақты комиссия отырыстарының хаттамалық тапсырмаларының орындалысы туралы» таныстырды. Мәслеге байланысты депутаттар тарапынан қойылған сұрақтарға жауаптар берілді.
Екінші мәселе М.Куаншалиевтің депутаттық сауалының орындалысы туралы аудан әкімі Абат Сайфоллаұлы хабарлама жасады.
Күн тәртібіндегі үшінші мәселе депутат М.Куаншалиев Азғыр өңіріне ветеринарлық дәрігерлердің жетіспейтіндігі туралы аудандық ветеринарлық станса басшысы Ж.Ажгалиевтің атына жазған депутаттық сауалы бойынша хабарлама жасады.
Аудан әкімі аппаратының басшысы Д.Ердешов аудандық мәслихаттың 2024 жылғы 18 қыркүйектегі №153-VIII «Құрманғазы ауданының әкімшілік-аумақтық бірлікті басқару схемасын бекіту туралы» және 2021 жылғы 15 қаңтардағы №9-VII «Аудан әкімдігінің дербес құрамы туралы» шешімдері бойынша аталған шешімдерге енгізілген өзгерістер туралы таныстырып, ауданының жаңа әкімшілік-аумақтық бірлікті басқару схемасы мен аудан әкімдігінің жаңа дербес құрамын келісуге ұсынды.
Күн тәртібіндегі мәселелер сессия отырысына ұсынылды.