Аудандық мәслихаттың жоспарлы сессиясының күн тәртібіне сәйкес, «Жергілікті атқарушы органның аудан көлеміндегі жолдардың құрылысы, оның ішінде кірме және ауылішілік жолдарын қайта жаңғырту бойынша атқарған жұмыстары және саланың проблемалық мәселелері туралы» мәселені зерделеу мақсатында аудандық мәслихат төрағасының 2025 жылғы 18 ақпандағы №14 өкімімен аудандық мәслихат депутаттарынан құралған уақытша комиссия 2025 жылдың 26 ақпан күні «Ақкөл-Қызылоба-Жыланды-4-разъезд-Қиғаш» автомобиль жолын реконструкциялау жұмыстармен танысты.
Аудандық мәслихат депутаты Нұргүл Дюсенбайқызы төрағалық еткен уақытша комиссия құрамында мәслихат депутаттары И.Абугалиев, Е.Аманжанұлы, Ә.Сәбитов бар.
Комиссия төрағасы зерделенген мәселе алдағы уақытта тұрақты комиссия отырысында қаралатынын жеткізді.