УАҚЫТША КОМИССИЯ ЗЕРДЕЛЕУ ЖҰМЫСТАРЫН ЖҮРГІЗДІ

УАҚЫТША КОМИССИЯ ЗЕРДЕЛЕУ ЖҰМЫСТАРЫН ЖҮРГІЗДІ

 

Ағымдағы жылдың 25 ақпан күні аудандық мәслихат төрағасының өкімімен құрылған уақытша комиссия сессияның күн тәртібіндегі «Аудан бойынша қоқыс алаңдарының жағдайы, оларды күтіп-ұстау деңгейі, кәріз суын төгетін орындардың жәй-күйі, санитарлық тазалық жұмыстардың жүргізілуі» туралы мәселені зерделеу мақсатын қоқыс алаңдарының жәй-күйімен танысты.

Уақытша комиссия жұмысына аудандық мәслихат депутатттары Е.Хисметуллин, Б.Утегенов аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы Р.Сиражев, Құрманғазы ауылдық округ әкімі А.Муса қатысты.

Зерделеу жұмыстары барысында мердігер мекеменің қоқыстарды түю-жинау жұмысымен, жалпы қоқыс алаңының жәй-күйімен танысты.