ҚҰРМАНҒАЗЫ АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТТЫҢ КЕЗЕКТЕН ТЫС XX СЕССИЯСЫ ӨТТІ
2024 жылдың 27 тамыз күні аудан әкімдігінің кіші мәжіліс залында аудандық мәслихаттың кезектен тыс XX сессиясы өтті. Сессияға аудан әкімі А.Жангалиев, аудан әкімінің орынбасарлары, дербес бөлім басшылары, ауылдық округ әкімдері мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілі қатысты. Сессияны мәслихат төрағасы Г.Калиева ашып, төрағалық жасады.
Күн тәртібінде 2023 жылға 25 желтоқсандағы №98-VIII «Учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау туралы» шешіміне өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы және «Құрманғазы ауданының ауылдық округтерінің жергілікті қоғамдастық жиналысының регламентін бекіту туралы», аудандық мәслихаттың 2018 жылғы 20 наурыздағы №286-VI «Құрманғазы ауданы бойынша терроризмге қарсы комиссия құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы, Құрманғазы ауданының Құрмет грамотасымен марапаттау туралы мәселелер қаралды.
Сессия отырысында күн тәртібіндегі мәселелер жан-жақты зерделеніп, талқыланып, тиісті шешімдер қабылданды.