ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫНА ДАЙЫНДЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ ЗЕРДЕЛЕНДІ.
Әлеуметтік сала, жастар саясаты, заңдылық пен құқық және депутаттық этика мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия 2024 жылдың III тоқсанында «Жаңа оқу жылына жалпы білім беретін және балалар мен жасөспірімдер мектептерінің дайындығы туралы» мәселе қарау жоспарланған.
Аудан бойынша білім беру ұйымдарының жаңа оқу жылына дайындығымен танысу, зерделеу мақсатында аталған тұрақты комиссия төрағасы Е.Хисметуллиннің қаулысымен жұмысшы топ құрылды.
Зерделеу жұмыстары мектептердің жаңа оқу жылына дайындығы, модернизациялау бағытында атқарылған жұмыстар, оқушылардың қауіпсіздік жүйелерімен қамтылу жағдайлары бойынша жүргізілді.
Жұмысшы топ 21 тамыз күні Ш.Уалиханов, Д.Нұрпейсова, Қиғаш, Панфилов атындағы жалпы орта мектептерінде болды. Аталған білім беру мекемелерінде модернизация (жаңғырту) жұмыстарын жүргізіліп, мектеп қабырғалары қайта әктеп, дизайн жасаған. Мектептерде пәндік математика, биология, география және STEM кабинеттері, кітапхана соңғы үдерістерге сай жаңарту жұмыстары жасалып, мектептер жаңа жиҺаздармен жабдықталған.