ТҰРАҚТЫ КОМИССИЯ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

ТҰРАҚТЫ КОМИССИЯ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

ТҰРАҚТЫ КОМИССИЯ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

     2024 жылдың 15 тамыз күні Құрманғазы аудандық мәслихатында әлеуметтік сала, жастар саясаты, заңдылық пен құқық және депутаттық этика мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия отырысы өткізіліп, күн тәртібінде келесі мәселелер қаралды.

  1. Аудан бойынша санитарлық тазалау мен абаттандыруды дамытуға бағытталған бюджет қаражатының тиімді жұмсалуына бақылауды жүзеге асыру туралы.
  2. Аудан бойынша жылумен жабдықтауды дамыту перспективасын (жылу желілерін дамыту, газ және газбен жабдықтау бағдарламасы) іске асыру туралы.
  3. Тұрғындарды ауыз сумен қамту, су тазалау жүйесі мен жабдықтарының құрылысы, күрделі жөндеу барысы туралы.
  4. Нұржау ауылдық округ әкімінің атқарған жұмысы туралы есебі.
  5. Жаңаталап ауылдық округ әкімінің атқарған жұмысы туралы есебі.

Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлім басшысының міндетін атқарушы В.Галиева,  және Нұржау ауылдық округ әкімінің міндетін атқарушы А.Закарин мен Жаңаталап ауылдық округ әкімінің міндетін атқарушы Т.Ажгулов баяндамаларын жасап, мәселелер толықтай зерделеніп, талқыланды.