Аудандық мәслихаттың тұрақты комиссияларының біріккен мәжілісі өтті.

Аудандық мәслихаттың тұрақты комиссияларының біріккен мәжілісі өтті.

Ағымдағы жылдың 24 қыркүйек күні аудан әкімдігінің үлкен мәжіліс залында аудандық мәслихаттың тұрақты комиссияларының біріккен отырысы өтті. Тұрақты комиссия отырысына аудан әкімі, аудандық мәслихат төрағасы, аудандық мәслихаттың депутаттары, аудан әкімінің орынбасарлары, мекеме басшылары,  ауылдық округ әкімдері және дербес бөлім басшылары, ақпарат құралдарының өкілдері  қатысты.

Отырысқа әлеуметтік сала, жастар саясаты, заңдылық пен құқық және депутаттық этика мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия төрағасы Ерлан Уалитханұлы төрағалық етіп, күн тәртібіне ұсынылған мәселелермен таныстырды. Күн тәртібіне қосымша депутаттардан тарапынан ауызша депутаттық сауалдар қосылды.

Күн тәртібіндегі 1-ші мәселе бойынша Аудандағы құқық бұзушылықпен күрес және құқық тәртібін нығайту, қылмыстарды ашу, қылмыстық және әкімшілік құқық бұзушылықтың алдын алу бағытында атқарылған жұмыстар, саланың проблемалық мәселелер туралы аудандық полиция бөлімінің бастығы Кубашов Найзабек Мажитұлының хабарламасы тыңдалды.

Хабарламашыға депутаттар тарапынан сұрақтар қойылып, ұсыныстар айтылды. Айтылған ұсыныстар назарға алынатын болды.

2-ші мәселе бойынша Азғыр ядролық полигонының жарылыс алаңдарының жәй-күйі туралы Атырау облысы табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысының міндетін атқарушы Туребаева Зарина Қожабергенқызының хабарламасы тыңдалды. Осы мәселе бойынша аудандық мәслихат депутаты М.Қуаншалиев қосымша хабарлама жасап, бір қатар ұсыныстар енгізді.

3-ші мәселе болып аудан әкімі Жангалиев Абат Сайфоллаұлының  аудан әкіміне жүктелген функциялары мен міндеттердің орындалуы туралы хабарламасы тыңдалды. Депутаттар тарапынан сұрақтар қойылып, ұсыныстар енгізілді.

Сонымен қатар, күн тәртібінде ұсынылған бірнеше мәселелер қаралып, сессия қарауына жолданды.