АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТТЫҢ XХХI СЕССИЯСЫ ӨТТІ
Ағымдағы жылдың 24 қыркүйек күні Құрманғазы аудан әкімдігінің үлкен мәжіліс залында мәслихат төрағасы Г.Қалиеваның төрағалығымен аудандық мәслихаттың жоспарлы XXХI сессия отырысы өтті.
Оған аудан әкімі А.Жанғалиев, аудан әкімінің орынбасарлары А.Муратов, М.Хасаов, Қ.Булеков, аудан әкімі аппаратының басшысы Д.Ердешов, аудандық мәслихат депутаттары, округ әкімдері мен дербес бөлім басшылары, мекеме басшылары және бұқаралық ақпарат құралының өкілі қатысты.
Күн тәртібінде тұрақты комиссия отырысының ұсынысы негізінде бес мәселе қаралды.
Алғашқы болып аудан әкімі Жангалиев Абат Сайфоллаұлы «Аудан әкіміне жүктелген функциялары мен міндеттердің орындалуы туралы» хабарлама жасады. Хабарлама қаперге алынып, аудан әкіміне, ауылдық округ әкімдеріне, бөлім басшыларына аудандық мәслихат қабылдаған шешімдерді бақылауда ұстап, орындалысын қамтамасыз ету ұсынылды.
Екіші мәселе бойынша Аудандағы құқық бұзушылықпен күрес және құқық тәртібін нығайту, қылмыстарды ашу, қылмыстық және әкімшілік құқық бұзушылықтың алдын алу бағытында атқарылған жұмыстар, саланың проблемалық мәселелер туралы аудандық полиция бөлімінің бастығы Кубашов Найзабек Мажитұлының хабарламасы тыңдалды.
Үшінді мәселе Азғыр ядролық полигонының жарылыс алаңдарының жәй-күйі туралы Атырау облысы табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысының міндетін атқарушы Туребаева Зарина Қожабергенқызының хабарламасы тыңдалды. Осы мәселе бойынша аудандық мәслихат депутаты М.Қуаншалиев қосымша хабарлама жасап, бір қатар ұсыныстар енгізді.
Сонымен қатар, Құрманғазы ауданының Құрмет грамотасымен марапаттау туралы, Аудандық мәслихаттың 2023 жылғы 25 желтоқсандағы №97-VІІI «Аудандық аумақтық сайлау комиссиясының мүшелерін сайлау туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы, Аудандық мәслихаттың 2023 жылғы 25 желтоқсандағы№98-VІІI «Учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерінсайлау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы мәселелер қаралды.
Депутаттар тарапынан күн тәртібіндегі мәселелер бойынша сұрақтар қойылып, тиісті жауаптар алынды. Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша тиісті шешімдер қабалданды.
Гульжаннат Гадилханкызы сессияны қорытындылап, қатысқандарға алғыс білдірілді.