2025 жылғы 15 мамырда Қостанай аудандық мәслихатында «Депутаттық бақылау сағаты» өтті

2025 жылғы 15 мамырда Қостанай аудандық мәслихатында «Депутаттық бақылау сағаты» өтті

2025 жылғы 15 мамырда Қостанай аудандық мәслихатында «Депутаттық бақылау сағаты» өтті, оған аудан әкімінің орынбасары К. Т. Абишев, Тобыл қаласының әкімі З.К. Комаров, «Ветеринариялық станциясы» МКК басшысы А.Б. Бисенов, аудандық Қоғамдық кеңестің төрағасы С.И. Байманов қатысты.

Күн тәртібінде келесі мәселелер қаралды:

  1. Қостанай ауданында қаңғыбас жануарлармен – иттермен, мысықтармен жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы.
  2. Депутаттардың есебі: М.А. Растегаеваның, А.Е. Алимованың, В.В. Шатерниковтың депутаттық қызметі, сайлау алдындағы бағдарламаны орындау, округтің сайлаушыларымен 2023-2024 жылдардағы жеке қабылдау және кездесулер өткізу туралы.
  3. 2025 жылғы 1 тоқсандағы депутаттық сауалдардың орындалуы жөніндегі ақпарат.

«Депутаттық бақылау сағатының» соңында қаралған мәселелер бойынша тиісті ұсыныстармен хаттамалық шешім қабылданды. «Ветеринариялық станциясы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнына және Тобыл қаласының, ауылдық округтердің әкімдеріне қаңғыбас жануарлардың санын азайту мақсатында аудан аумағында олардың санын реттеу жөніндегі жұмысты жалғастыру, жануарларға жауапкершілікпен және ізгілікпен қарау туралы халықпен түсіндіру жұмыстарын жүргізу, сеніп тапсырылған аумақтарда үй жануарларын қатаң есепке алуды ұйымдастыру ұсынылды.