2025 жылғы 23 сәуірде аудандық мәслихатының бюджет, экономика, мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысы өтті

2025 жылғы 23 сәуірде аудандық мәслихатының бюджет, экономика, мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысы өтті

2025 жылғы 23 сәуірде аудандық мәслихатының бюджет, экономика, мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысы өтті, оған аудандық мәслихатының төрағасы М.К. Сартов, аудан әкімінің орынбасарлары К.Т. Абишев және М.К. Доскалиева, мемлекеттік мекемелердің басшылары, Тобыл қаласының, ауылдық округтердің әкімдері, Қоғамдық кеңестің мүшелері қатысты.

Комиссияның қарауына мынадай мәселелер шығарылды: 

1) Қостанай ауданының 2024 жылғы аудандық бюджетінің атқарылуы туралы есептің жобасы туралы;

2) 2024 жылғы Қостанай ауданының Тобыл қаласы, ауылдық округтері бюджеттерінің атқарылуы туралы есептің жобасы туралы.

Жоғарыда аталған мәселелер бойынша Қостанай ауданы әкімдігінің «Экономика және қаржы бөлімі» ММ басшысы И.Б. Хамзина баяндама жасады.

Барлық қойылған сұрақтарға баяндамашы, мемлекеттік мекемелердің басшылары-бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері, ауылдық округ әкімдері толық жауап берді.

Қарау қорытындысы бойынша тұрақты комиссия тиісті қаулылар қабылдады.