2025 жылғы 14 сәуірде онлайн трансляция режимінде Қостанай аудандық мәслихатының кезектен тыс сессиясы өтті

2025 жылғы 14 сәуірде онлайн трансляция режимінде Қостанай аудандық мәслихатының кезектен тыс сессиясы өтті

2025 жылғы 14 сәуірде онлайн трансляция режимінде Қостанай аудандық мәслихатының кезектен тыс сессиясы өтті. Отырысқа аудан әкімінің міндетін атқарушы К.Т. Абишев, аудан әкімі аппаратының басшысы Д.Н. Бугетбаев, ауданның мемлекеттік мекемелерінің басшылары қатысты.  

Сессияда депутаттар Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларына, Қостанай ауданы әкімдігінің дербес құрамына, ауданның учаскелік сайлау комиссияларының және аудан әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандар істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның құрамына өзгерістерді қолдады.

Шешімдердің жобалары мәслихаттың әлеуметтік сала және заңдылық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысында алдын ала қаралды.

Отырыс қорытындысы бойынша тиісті шешімдер қабылданды.