Аудандық мәслихаттың әлеуметтік сала және заңдылық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысы

Аудандық мәслихаттың әлеуметтік сала және заңдылық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысы

2025 жылғы 14 сәуірде аудандық мәслихаттың әлеуметтік сала және заңдылық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысы өтті, оған аудандық мәслихаттың төрағасы М.К. Сартов, аудан әкімінің міндетін атқарушы К.Т. Абишев, аудан әкімі аппаратының басшысы Д.Н. Бугетбаев қатысты.

«Мәслихаттың 2023 жылғы 4 желтоқсандағы № 92 «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы» мәселе бойынша аудан әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі басшысының міндетін атқарушы Р. Л. Лактионова сөз сөйледі.

Қостанай ауданы әкімдігінің дербес құрамындағы өзгерісті келісу туралы аудан әкімі аппаратының басшысы Д.Н. Бугетбаев сөз сөйледі.

Аудан әкімі аппаратының бас инспекторы К.М. Бугумбаева Қостанай ауданы әкімдігінің жанындағы кәмелетке толмағандар істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның дербес құрамына енгізілетін өзгерістер туралы баяндады.

Мәслихаттың 2023 жылғы 27 желтоқсандағы № 131 «Қостанай ауданының учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы аудандық мәслихат аппаратының бас маманы Ж.С. Конакбаева хабарлады.

Депутаттар қойған барлық сұрақтарға баяндамашылар толық жауап берді.