12 маусымда аудандық мәслихат төрағасы М.Сартов аудан әкімінің кеңесшісі С.И.Баймановпен және «АМАNАТ» партиясы Қостанай АФ саяси бюросының мүшесі С.К. Камешовпен бірге Мичурин ауылдық округінің Алтынсарин ауылында болып, биылғы көктемгі су тасқынынан зардап шеккен ауыл тұрғындарына салынып жатқан жаңа үйлердің құрылыс барысымен танысты.
Ауылда жиырма бір үйдің құрылысы қарқынды жүріп жатыр. Үйлердің қаңқалары тұрғызылған. Тек жоғары сапалы құрылыс материалдары қолданылады.
Сонымен қатар, үйлерге жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Су тасқыны салдарынан үйі зақымданған И.П.Паркинмен әңгімелесу барысында үй иесі «Сыл» ЖШС жүргізген жөндеу жұмыстарының сапасы мен барысына дән риза.
Ауылдың тағы бір тұрғыны Александр Постреганиннің айтуынша, оның үйінде жүргізіліп жатқан жөндеу жұмыстарына қатысты ешқандай реніші де, шағымы да жоқ. Сонымен қатар, ол өз үйінде жөндеу жұмыстары кезінде жеке қатысады.
Мердігер үйлердің құрылысы мен жөндеу жұмыстарын келісім шартта белгіленген мерзімде аяқтауды жоспарлап отыр.