Аудандық мәслихаттың төрағасы кезекті жеке қабылдау өткізді

Аудандық мәслихаттың төрағасы кезекті жеке қабылдау өткізді

2024 жылдың 12 маусымында аудандық мәслихаттың төрағасы М.Сартов "AMANAT" партиясы ҚАФ қоғамдық қабылдауында Қостанай ауданының су тасқынынан зардап шеккен саяжай елді мекендерін аралау арқылы кезекті жеке қабылдау өткізді.

Айта кету керек, «Притобольское» және «Тимирязево» СҚ су тасқынынан зардап шеккен азаматтардың баспанасын қалпына келтіру үшін жөндеу жұмыстары келісілген түрде және белгіленген мерзімде жүргізілуде.

Аудандық мәслихат депутаттары Тобыл қаласының әкімі З.Комаровпен бірге тұрғын үйлердің иелерімен, мердігер мекемемен кездесті.

Кездесу барысында қалпына келтіру жұмыстарының барысы мен аяқтау мерзімі талқыланды. Алдағы уақытта азаматтар жаңартылған баспанаға ие болады.