Қостанай аудандық мәслихатының сегізінші шақырылымдағы кезектен тыс сессиясы 2026 жылғы 14 тамызда сағат 11.00-де Тобыл қаласы, Тәуелсіздік көшесі, 65 мекенжайы бойынша аудан әкімдігінің мәжіліс залында өткізіледі.
Кезектен тыс сессиясының күн тәртібі:
- Мәслихаттың 2023 жылғы 6 қаңтардағы № 268 «Қостанай аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы.
- Мәслихаттың 2023 жылғы 16 қаңтардағы № 275 «Қостанай аудандық мәслихатының депутаттарын сайлау жөніндегі округтік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы.
- Мәслихаттың 2023 жылғы 27 желтоқсандағы № 131 «Қостанай ауданының учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы.
- Мәслихаттың 2023 жылғы 29 қыркүйектегі № 74 «Қостанай ауданы әкімдігінің жанындағы халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі комиссияның дербес құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
Онлайн-трансляцияға сілтеме: https://www.youtube.com/@maslihatkst/videos