Қостанай аудандық мәслихатының сегізінші шақырылымдағы кезектен тыс сессиясы 2026 жылғы 9 шілдеде сағат 11.00-де Тобыл қаласы, Тәуелсіздік көшесі, 65 мекенжайы бойынша аудан әкімдігінің мәжіліс залында өткізіледі.
Кезектен тыс сессиясының күн тәртібі:
- Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы.
- Қостанай ауданы әкімдігінің дербес құрамындағы өзгерісті келісу туралы.
- Мәслихаттың 2022 жылғы 29 шілдедегі № 195 «Қостанай ауданы әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның дербес құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
- Мәслихаттың 2025 жылғы 27 маусымдағы № 286 «Қостанай ауданы әкімдігінің жанындағы қылмыстық жазаларды және қылмыстық-құқықтық ықпал етудің өзге де шараларын орындайтын органдар мен мекемелердің қызметіне жәрдемдесу жөніндегі, сондай-ақ қылмыстық жазасын өтеген адамдарға әлеуметтік немесе өзге де көмекті ұйымдастыру жөніндегі консультативтік-кеңесші органның дербес құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
Онлайн-трансляцияға сілтеме: https://www.youtube.com/@maslihatkst/videos