2026 жылғы 14 мамырда аудандық мәслихатының кезекті он төртінші сессиясы өтті

2026 жылғы 14 мамырда аудандық мәслихатының кезекті он төртінші сессиясы өтті

2026 жылғы 14 мамырда аудандық мәслихатының кезекті он төртінші сессиясы өтті.  Отырысқа аудан әкімі, аудан әкімінің орынбасарлары, ауданның мекеме және ұйым басшылары, Тобыл қаласының, ауылдық округтердің әкімдері, Қоғамдық кеңес мүшелері,  ауданның құрметті азаматтары, БАҚ өкілдері қатысты.

Қостанай ауданының 2025 жылғы аудандық бюджетінің орындалуы туралы есеппен Қостанай ауданы әкімінің орынбасары Б.К. Сейдахметов сөз сөйледі.

Аудандық бюджеттің атқарылуы туралы есебіне қорытындымен Қостанай облысы бойынша тексеру комиссиясының мүшесі Р.С. Байгабулов, әлеуметтік сала және заңдылық мәселелері жөніндегі  тұрақты комиссияның төрайымы М.А. Растегаева сөз сөйледі.

Сонымен қатар, Қостанай ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы Б.С. Алмагамбетовтың Қостанай ауданында 2025 жылға салық төлеу бойынша салық міндеттемелерін орындау туралы есебі тыңдалды.

Депутаттар Қостанай ауданының 2026-2030 жылдарға арналған даму жоспарына, Қостанай ауданы әкімдігі жанындағы терроризмге қарсы комиссияның дербес құрамына енгізілетін өзгерістерді қолдады.

Сессияның күн тәртібіндегі мәселелерді депутаттар аудандық мәслихаттың әлеуметтік сала және заңдылық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясында алдын ала қарады.

Отырыс қорытынды бойынша тиісті шешім қабылданды.