
2026 жылғы 28 сәуірде А.А. Алимгазинаның төрағалығымен аудандық мәслихаттың тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы өтті, онда аудан әкімдігінің, қала, ауылдық округтер әкімдерінің: Қостанай ауданының аудандық бюджетінің атқарылуы туралы, Қостанай ауданының Тобыл қаласының, ауылдық округтерінің 2025 жылғы бюджеттерінің атқарылуы туралы есептері қаралды.
Тұрақты комиссиялардың жұмысына: аудандық мәслихат депутаттары, ауданның қоғамдық кеңесінің өкілдері, мемлекеттік мекемелердің басшылары, бұқаралық ақпарат құралдары қатысты.
Депутаттар Қостанай ауданының 2025 жылғы бюджетінің жалпы атқарылуы оң динамикамен сипатталатынын атап өтті: кірістердің асыра орындалуы, меншікті (салықтық және салықтық емес) түсімдердің өсуі, шығыстарды игерудің жоғары дәрежесі, дебиторлық және кредиторлық берешектің төмендеуі, сондай-ақ жоспарланған инфрақұрылымдық және әлеуметтік жобалардың басым бөлігін іске асыру қамтамасыз етілді.
Отырыс қорытындысы бойынша тұрақты комиссиялар қаулылар қабылдады, онда бюджеттік процесті жетілдіру және бюджеттік жоспарлау сапасын арттыру бойынша ұсынымдар берілді.