
2026 жылғы 4 наурызда аудандық мәслихаттың бюджет, экономика, мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының жоспардан тыс отырысы өтті.
Комиссияның қарауына «Пайдаланушы ұйымдарға берілмеген және пайдалануға берілмеген жобаларды іске асырудың тиімділігі туралы. Қостанай облысы Тексеру комиссиясының аудиторлық қорытындысының ұсынымдары мен тапсырмаларын орындау» мәселесі шығарылды.
Қостанай ауданы әкімдігінің "Құрылыс бөлімі" ММ басшысының міндетін атқарушы Н.М. Исмагамбетов баяндама жасады. Барлық қойылған сұрақтарға баяндамашы толық жауап берді.
Қарау қорытындысы бойынша тұрақты комиссия тиісті қаулы қабылдады.