
2026 жылғы 25 ақпанда Қостанай ауданының Қоғамдық кеңесі бірінші отырысты өткізді.
Қоғамдық кеңестің жұмыс жоспары негізінде отырыста Қостанай ауданы әкімінің «Қостанай ауданының 2025 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары және 2026 жылға арналған міндеттер туралы» есебі тыңдалды.
Қостанай аудандық мәслихатының төрағасы Сартов Марат Куттыгужинович және Қоғамдық кеңестің төрағасы Байманов Сактаган Исмагулович 2025 жылы атқарылған жұмыстар туралы қосымша баяндама жасады.
Қостанай ауданының қорғаныс істері жөніндегі біріккен бөлімінің бастығы Альсеитов Талгат Амантаевич «Күзгі әскери қызметке шақыру. Шақыру науқанының қорытындысы» мәселесі бойынша есеп берді.
Әр сөз сөйлегеннен кейін Қоғамдық кеңес мүшелері ұсынылған ақпарат бойынша өздерін қызықтырған сұрақтарын қоя алды.
Қоғамдық кеңестің отырысына шығарылған мәселелер бойынша оларды орындау үшін ұсынымдар берілді.