
2026 жылғы 29 қаңтарда аудандық мәслихатының кезекті он үшінші сессиясы өтті. Отырысқа аудан әкімі, аудан әкімінің орынбасарлары, ауданның мекеме және ұйым басшылары, Тобыл қаласының, ауылдық округтердің әкімдері, Қоғамдық кеңес мүшелері, ауданның құрметті азаматтары, БАҚ өкілдері қатысты.
Қостанай аудандық мәслихатының жұмыс жоспарына сәйкес Қостанай аудандық мәслихаты төрағасы М.К. Сартовтың 2025 жылғы мәслихат қызметін ұйымдастыру бойынша атқарылған жұмысы туралы есебі тыңдалды.
Өз баяндамасында Марат Куттугужинович 2025 жылы аудандық мәслихаттың 19 сессиясы болғанын атап кетті, онда әр түрлі мәселелер бойынша 79 шешім қабылданды.
2025 жылы депутаттар ауылдық округтерді аралап, сайлаушылармен 63 кездесу өткізді. Отырыстардың қорытындысы бойынша уәкілетті органдар мен ұйымдарға 53 депутаттық сауал жолданды.
Депутаттар Қостанай ауданы бойынша шетелдіктер үшін 2026 жылға арналған туристік жарна мөлшерлемелерін бекіту туралы және «Мәслихаттың 2024 жылғы 23 сәуірдегі № 168 «Қостанай ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы сұрақтар бойынша шешімдер жобаларын бірауыздан бекітті.
Отырыс қорытынды бойынша тиісті шешім қабылданды.