
Қостанай ауданы Қоғамдық кеңестің отырысына дайындық аясында 2026 жылғы 26 қаңтарда Қостанай ауданы Қоғамдық кеңесі Төралқасының отырысы өтті, онда Төралқа келіп түскен материалдарды - мемлекеттік органдар ұсынымдар алу үшін ұсынған нормативтік құқықтық актілерді қарады.
«Жер қатынастары бөлімі» ММ басшысы Д.Утемисов Төралқа мүшелеріне «Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсты кейіннен ұйымдастыру және өткізу үшін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерінің тізбесін ауылдық округтер бөлінісінде келісу туралы» ақпаратты ұсынды.
Сондай-ақ, басшы «Қостанай ауданы бойынша жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі 2026-2030 жылдарға арналған жоспардың жобасын» ұсынды.
Бұдан әрі «Экономика және қаржы бөлімінің» басшысы И. Хамзина «Қостанай ауданының ауылдық елдi мекендерiне жұмыс iстеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсiптiк кешен саласындағы мамандарға, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне 2026 жылы әлеуметтiк қолдау шараларын ұсыну туралы» Қостанай аудандық мәслихаты шешімінің жобасын» ұсынды.
Төралқа мүшелері ұсынылған ақпарат бойынша қызығушылық танытқан сұрақтар қойып, оларға басшылар нақты жауаптар берді.
Соңында Төралқа қоғамдық тыңдаудың өтетін күні мен уақытын – 2026 жылғы 29 қаңтарды белгіледі.