
Құрметті жерлестер!
Сіздерді келе жатқан Жаңа 2026 жылмен құттықтаймын!
Жаңа жылда сіздердің барлық ізгі ой-ниеттеріңіз табыспен жүзеге ассын!
Осы таңғажайып мереке күні барлық армандарыңыз бен тілектеріңіз орындалсын, ал келер жыл жақсы оқиғаларға, қуанышты кездесулерге, жаңа жетістіктерге толы болсын!
Сіздерге мықты денсаулық, жанұяларыңызға бақыт, көтеріңкі көңіл-күй және барлық жаңа бастамаларыңызға табыс тілеймін!
Қостанай аудандық мәслихатының
төрағасы М.Сартов