
2025 жылғы 25 желтоқсанда онлайн трансляция режимінде Қостанай аудандық мәслихатының кезекті он екінші сессиясы өтті.
Сессия жұмысына Қостанай ауданының әкімі О.Ж. Нургалиев, аудан әкімінің орынбасарлары, сондай-ақ мемлекеттік мекемелердің басшылары, Тобыл қаласының, ауылдық округтердің әкімдері, БАҚ өкілдері қатысты.
«Қостанай ауданының 2026-2028 жылдарға арналған аудандық бюджеті туралы» күн тәртібінің мәселесі бойынша аудан әкімдігінің «Экономика және қаржы бөлімі» ММ басшысы И.Б. Хамзинаның баяндамасы тыңдалды. Өз сөзінде Қостанай ауданының 2026-2028 жылдарға арналған бюджет жобасы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне сәйкес әзірленгенін және дайындалғанын, аудандық мәслихаттың тұрақты комиссиясының отырысында алдын ала қаралғанын және Қостанай ауданының қоғамдық кеңесі мақұлдағанын атап өтті.
Қостанай ауданы аудандық бюджетінің ұсынылған жобасына аудандық мәслихаттың тұрақты комиссиясының мүшесі А.А. Алимгазина қорытынды жасады.
Мәслихат депутаттары алдағы үш жылдық кезеңге ұсынылған Қостанай ауданы бюджетінің жобасына бірауыздан дауыс берді.
Сессия жұмысында 2025 жылдың 26 желтоқсанына дейін үзіліс жарияланды.