Қостанай аудандық мәслихаты тұрақты комиссиясының отырысы

Қостанай аудандық мәслихаты  тұрақты комиссиясының отырысы

2025 жылғы 23 желтоқсанда Қостанай аудандық мәслихатының бюджет, экономика, мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысы өтті.

Комиссия отырысына мәслихаттың әлеуметтік сала және заңдылық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының мүшелері, сондай-ақ мемлекеттік мекемелердің басшылары, Қостанай ауданының Тобыл қаласының, ауылдық округтерінің әкімдері қатысты.  

Комиссияда 2026-2028 жылдарға арналған Қостанай ауданы бюджетінің, Тобыл қаласының, ауылдық округтердің бюджеттерінің жобалары туралы жоспарлы мәселелер қаралды. Аудан әкімдігінің экономика және қаржы бөлімінің басшысы И. Б. Хамзина баяндама жасады.

Депутаттар Қостанай ауданы, Тобыл қаласы, ауылдық округтер бюджеттерінің жобаларын бірауыздан мақұлдады.