
Бүгін 2025 жылғы 3 желтоқсанда Қостанай аудандық мәслихатында «Депутаттық бақылау сағаты» өтті.
Депутаттар Е.Т. Жумабеков, А.А. Агдавлетов, И.В. Розумович өз депутаттық қызметі, сайлау алдындағы бағдарламаның орындалуы, округтің сайлаушыларымен 2023-2024 жылдардағы жеке қабылдауы және кездесулер өткізу туралы есеп берді.
Құқықтық жалпыға бірдей оқыту шеңберінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл заңның негізгі талаптары мен қағидаттары және Қазақстан Республикасының заңнамасындағы өзгерістер туралы Қостанай аудандық мәслихаты аппаратының басшысы Р.К. Сергазина баяндады.
Іс шара соңында депутаттардың сайлаушылармен кездесулерін өткізу кестесін талқыланды.
«Депутаттық бақылау сағаты» соңында қаралған сұрақтар бойынша тиісті ұсыныстармен хаттамалық шешім қабылданды.