
2025 жылғы 3 желтоқсанда аудандық мәслихатының әлеуметтік сала және заңдылық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының жоспарлы отырысы өтті.
«Бюджеттік кредит және көтерме жәрдемақы түрінде әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну бойынша «Дипломмен ауылға» бағдарламасын іске асыру туралы» күн тәртібінің бірінші сұрағы бойынша Қостанай ауданы әкімдігінің «Экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы И.Б. Хамзина сөз сөйледі.
«Қостанай ауданында «Ауыл аманаты» бағдарламасын іске асыру туралы» Қостанай ауданы әкімдігінің «Ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің сектор меңгерушісі О.В. Тупкало тыңдалды.
Барлық қойылған сұрақтарға баяндамашылар толық жауап берді.
Қарау қорытындысы бойынша тұрақты комиссия тиісті қаулылар қабылдады.