
Бүгін 2025 жылғы 19 қарашада онлайн трансляция режимінде Қостанай аудандық мәслихатының кезектен тыс сессиясы өтті. Отырысқа аудан әкімінің орынбасары К.Т. Абишев, ауданның мемлекеттік мекемелерінің басшылары, Тобыл қаласының, ауылдық округтердің әкімдері, Қостанай ауданы бойынша Кәсіпкерлер палатасы филиалының директоры Г.А. Кукоба қатысты.
Қостанай ауданы бойынша оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолдану кезінде 2026 жылы салық мөлшерлемесінің мөлшерін төмендету туралы мәселе қарауға шығарылды. Аудан әкімінің осы мәселе бойынша оң қорытындысымен аудан әкімінің орынбасары К. Т. Абишев сөз сөйледі, бюджет, экономика, мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның қорытындысымен комиссия төрағасы Е. Т. Жумабеков сөз сөйледі.
Пленарлық отырыстың қорытындысы бойынша Қостанай ауданы бойынша оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолдану кезінде 2026 жылы салық мөлшерлемесінің мөлшерін 4% - дан 3% - ға дейін төмендету туралы шешім қабылданды.