2025 жылғы 30 қазанда аудандық мәслихаттың тұрақты комиссияларының жоспардан тыс бірлескен отырысы өтті

2025 жылғы 30 қазанда аудандық мәслихаттың тұрақты комиссияларының жоспардан тыс бірлескен отырысы өтті

2025 жылғы 30 қазанда аудандық мәслихаттың тұрақты комиссияларының жоспардан тыс бірлескен отырысы өтті. Отырысқа Қостанай ауданы әкімінің орынбасарлары К.Т. Абишев пен Б.К. Сейдахметов, ауданның Қоғамдық кеңесінің төрағасы С.И. Байманов, ауданның мемлекеттік органдарының басшылары, Тобыл қаласының, ауылдық округтердің әкімдері, Қостанай облысы кәсіпкерлер палатасының Қостанай ауданы бойынша филиалының директоры Г.А. Кукоба, аудан бизнесінің өкілдері қатысты.

2026 жылғы 1 қаңтардан бастап Қостанай ауданы бойынша оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолдану кезінде салық мөлшерлемесінің мөлшерін 4%-дан 2%-ға төмендету туралы мәселе қарауға шығарылды. Осы мәселе бойынша аудан әкімінің қорытындысымен аудан әкімінің орынбасары Б.К. Сейдахметов сөз сөйледі.

Қостанай ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы Б.С. Алмагамбетов салық ставкасының мөлшерін төмендету кезінде жергілікті бюджетке түсетін салық түсімдерінің болжамы туралы ақпарат берді.

Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес ұсынылған қорытындыларды қарап, Қостанай ауданы бойынша оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолдану кезінде салық мөлшерлемесінің мөлшерін төмендету туралы ұсынылған мәселені мәслихат сессиясының күн тәртібіне енгізбеу туралы шешім қабылданды.