Бүгін 2025 жылғы 13 қазанда онлайн трансляция режимінде Қостанай аудандық мәслихатының кезектен тыс сессиясы өтті

Бүгін 2025 жылғы 13 қазанда онлайн трансляция режимінде Қостанай аудандық мәслихатының кезектен тыс сессиясы өтті

Бүгін 2025 жылғы 13 қазанда онлайн трансляция режимінде Қостанай аудандық мәслихатының кезектен тыс сессиясы өтті. Отырысқа аудан әкімі О.Ж. Нургалиев, аудан әкімінің орынбасарлары, ауданның мемлекеттік мекемелерінің басшылары, ауданның Қоғамдық кеңесінің төрағасы қатысты.

Пленарлық отырыс барысында депутаттар Қостанай ауданының 2025-2027 жылдарға арналған аудандық бюджетіне, сондай-ақ келесі комиссиялардың дербес құрамдарына енгізілетін өзгерістерді қолдады:

Қостанай ауданы әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия,

төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі аудандық комиссия,

Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын балаларды асырап алуға беру туралы рұқсат беру мүмкіндігі (мүмкін еместігі) туралы қорытынды беретін комиссия.

Шешімдердің жобалары бюджет, экономика, мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару мәселелері жөніндегі мәслихаттың тұрақты комиссиясының отырысында алдын ала қаралды.

Пленарлық отырыс қорытындысы бойынша тиісті шешімдер қабылданды.