2025 жылғы 24 қыркүйекте Қостанай ауданы Қоғамдық кеңесінің төртінші отырысы өтті, онда аудан мемлекеттік органдары мен кәсіпорындары басшыларының есептері тыңдалды.
Қостанай ауданының тұрғындарына сумен жылумен жабдықтау және су бұру бойынша қызмет көрсету сапасын арттыру бойынша 2024 жылғы жұмыстың қорытындысы туралы «Затобол ЖЭК» КМК басшысының міндетін атқарушы К.Шильдибаев сөз сөйледі.
ОАА басшысы А.Мирманов Қостанай ауданының тұрғындарына медициналық қызмет көрсету және дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету туралы есеп ұсынды.
2025 жылы Қостанай ауданында балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру туралы Қостанай ауданының «Білім бөлімі» ММ басшысы М.Кокишева есеп берді.
Мүмкіндігі шектеулі жандардың қызметін реттейтін бағдарламаларды іске асыру туралы «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ басшысы С.Касымова сөз сөйледі.
Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік қызмет істері агенттігі департаментінің мемлекеттік қызметтер басқармасының басшысы А. Касенов Қоғамдық кеңес мүшелеріне Қостанай ауданы мемлекеттік органдарының мемлекеттік қызметтер көрсетуі туралы есеп ұсынды.
Қоғамдық кеңес мүшелері өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, сөз сөйлеушілермен оларға нақты және толық жауап берілді.
Отырыс соңында Қоғамдық кеңес аудан тұрғындарына көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру және жұмысын жақсарту бойынша ұсыныстар берді.