2025 жылғы 7 тамызда аудандық мәслихатының кезекті он бірінші сессиясы өтті, онда Қостанай аудандық мәслихатының жұмыс жоспарына сәйкес «Аудан әкімінің өзіне жүктелген функциялар мен міндеттердің орындалуы туралы есебі» сұрағы қаралды.
Есеппен аудан әкімінің орынбасары К.Т. Абишев сөз сөйледі.
Ұсынылған есеп Қостанай ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуының макроэкономикалық көрсеткіштерінің оң серпінін көрсетеді.
Ауданда экономикалық өсудің тұрақты қарқынын сақтауға және арттыруға, халықтың өмір сүру деңгейін арттыруға ерекше назар аударылды.
Ағымдағы жылы негізгі капиталға салынған инвестициялардың мөлшері 2024 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 3,5 млрд. теңгеге ұлғайып, 16,4 млрд.теңгені құрады.
Аудан тұрғындарын толғандыратын мәселелер жоспарлы түрде шешілуде.
Елді мекендердің кірме жолдары мен көшелеріне, жылумен жабдықтау жүйелеріне жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Елді мекендерді жарықтандырумен, сумен жабдықтаумен және су бұрумен, Тобыл қаласының, ауылдық округтердің елді мекендерінің аумақтарын абаттандырумен қамту пайызы артып келеді.
Әлеуметтік саясатта халықтың өмір сүру сапасын жақсарту мәселелері басым болып қала береді.
Білім беру нысандарын, ауылдық дәрігерлік амбулаторияларды, фельдшерлік-акушерлік пункттерді, спорт нысандарын салу және жөндеу, мәдениет мекемелерін қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде.
Жалпы аудандағы әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси жағдайы тұрақты.
Депутаттар Қостанай ауданы Қоғамдық кеңесінің және аудандық мәслихат төрағасының Қостанай ауданы әкімінің өзіне жүктелген функциялар мен міндеттердің орындалуы туралы есебін бекіту туралы ұсынысын бірауыздан қолдады.
Отырыс қорытындысы бойынша тиісті шешім қабылданды.