2025 жылғы 7 тамызда Қостанай аудандық мәслихатында «Депутаттық бақылау сағаты» өтті, оған аудан әкімінің орынбасары Б.К. Сейдахметов қатысты.
Күн тәртібінде келесі сұрақтар қаралды:
- Қостанай облысы бойынша Тексеру комиссиясының жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеуге бюджет қаражатын пайдаланудың тиімділігі туралы сараптамалық-талдау іс-шарасының нәтижелері туралы.
- Қостанай ауданының білім беру объектілерінің жаңа 2025-2026 оқу жылына дайындығы туралы.
- Депутаттардың есебі: М.К. Башибаевтың, Ж.М. Иргасымованың депутаттық қызметі, сайлау алдындағы бағдарламаның орындалуы, округтің сайлаушыларымен 2023-2024 жылдардағы жеке қабылдауы және кездесулер өткізу туралы.
«Депутаттық бақылау сағаты» соңында қаралған сұрақтар бойынша тиісті ұсыныстармен хаттамалық шешім қабылданды.