Бүгін 2025 жылғы 9 шілдеде онлайн трансляция режимінде Қостанай аудандық мәслихатының кезектен тыс сессиясы өтті

Бүгін 2025 жылғы 9 шілдеде онлайн трансляция режимінде Қостанай аудандық мәслихатының кезектен тыс сессиясы өтті

Бүгін 2025 жылғы 9 шілдеде онлайн трансляция режимінде Қостанай аудандық мәслихатының кезектен тыс сессиясы өтті. Отырысқа аудан әкімінің орынбасары Б.К. Сейдахметов, ауданның мемлекеттік мекемелерінің басшылары, Тобыл қаласының, ауылдық округтердің әкімдері қатысты.  

Пленарлық отырыс барысында депутаттар Қостанай ауданы Тобыл қаласының, ауылдық округтерінің 2025-2027 жылдарға арналған аудандық бюджеттеріне енгізілетін өзгерістерді қолдады.

Шешім жобасы мәслихаттың бюджет, экономика, мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысында алдын ала қаралды.