2025 жылғы 27 мамырда аудандық мәслихатының әлеуметтік сала және заңдылық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысы өтті.
«Қостанай ауданында Қазақстан Республикасының 2022-2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының тұжырымдамасын іске асыру туралы» күн тәртібінің бірінші мәселесі бойынша Қостанай ауданы әкімі аппараты құқықтық жұмысы бөлімінің бас маманы А.М. Доненбаева сөз сөйледі.
«Қостанай ауданында агроөнеркәсіптік кешенді дамыту туралы» Қостанай ауданы әкімдігі ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы М.К. Бокишев хабарлады.
«Айсары және Надеждин ауылдық округтерінде абаттандыру, жарықтандыру, көгалдандыру және санитарлық тазалау жұмыстарын ұйымдастыру туралы» мәселесі бойынша тиісті әкімдер тыңдалды.
Барлық қойылған сұрақтарға баяндамашылар толық жауап берді.
Отырыс қорытындысы бойынша тұрақты комиссия тиісті қаулыларды қабылдады.